Ұйымдардағы сабақтарды тоқтату ережесі

Қысқы уақытта елімізде ауа-райы жағдайын болжап айту қиын екендігі белгілі. Кейде, далада жүрмек түгіл, шығуға да мумкін емес болатындай жағдай тууы мүмкін, сондықтан біздің елімізде мектептер мен колледждерде сабақтар жиі тоқтатылады. Бірінші кезекте қандай ауа райы жағдайларында сабақтар тоқтатылатыны туралы түсініп көрейік, тоқтату қағидалары туралы, сондай-ақ бүгін мектепке барудың қажеті жоқ екенін қалай білуге болатынын біліп алайық.

Қандай дереккөздер мектепте (колледжде) сабақты тоқтату туралы сенімді ақпарат береді?

Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және  кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларына сәйкес халыққа ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде сабақтарды тоқтату туралы хабарландыру туралы ақпаратты мемлекеттік білім беруді басқару органдары келесі тәртіппен жариялайды:

  • телевидениеде жүгіртпе жол түрінде;
  • радиода трансляциялау арқылы;
  • 169 (ақылы анықтама) немесе 109 (ұялы телефоннан тегін) телефоны арқылы;
  • ресми интернет-ресурсында және Астана қаласы білім басқармасының (bilim.astana.kz.) Facebook әлеуметтік желісі бетінде;
  • Smart Astana қолданбалы бағдарламасы арқылы.

Күн сайын, бірінші ауысым үшін сағат 6.00-ден 7.00-ге дейін, екінші және үшінші ауысымдар үшін сағат 10.30-дан 12-ге дейін, жауапты қызметкер «Қазгидромет» ШЖҚ РМК кезекшісімен алдағы үш сағатқа Астана қаласында нақты температура мәні (болжам) бойынша деректер алу үшін хабарласады. Алынған деректер басшылықпен келісіледі, ол басшылық сабақтарды тоқтату туралы жариялау немесе оқу процесін өзгеріссіз ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды.

Сабақтарды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты қызметкер осы ақпаратты Астана қаласы ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасының жедел кезекшісіне, Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы (109 қызметі) операторына, Астана қаласы Әкімінің қабылдау бөлмесіне хабарлайды.

Бұдан әрі сабақтарды тоқтату туралы хабарландыру сағат 6.45–8.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін, сағат 11.15–13.00-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін жүргізіледі.

Халыққа тек қана сабақтар тоқтатылған жағдайда хабар беріледі

Мемлекеттік білім беруді басқару органдары күнделікті негізде ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату мониторингін жүргізеді.

Қандай ауа-райы кезінде сабақтарды тоқтатады?

Білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату бекітілген сабақтарды тоқтату туралы хабарлау үшін ұсынылатын қолайсыз ауа-райы метеожағдайлары көрсеткіштері негізінде жүргізіледі және білім беру ұйымы басшысының, не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.

Сізге ыңғайлы болу үшін, төменде белгілі бір сыныптарда сабақтарды тоқтату үшін температуралықкөрсеткіштері бар кесте келтірілген.

Ауа температурасыЖелдің жылдамдығыСабақтарды тоқтату үшін
-25-29 және одан төмен2-4 м/с0-4 сынып
-25-29 және одан төмен5 м/с және одан жоғары0-9 сынып
-30-34 және одан төмен2-4 м/с0-9 сынып
-30-34 және одан төмен5 м/с және одан жоғары0-11 (12) сыныптарКолледждерде 1,2 курстар үшін
-35 және одан төмен2 м/с және одан жоғары0-11 (12) сыныптарКолледждерде 1,2 курстар үшін

Интернаттық білім беру ұйымдарында ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде сабақтарды тоқтату білім алушылардың тұру үшін жағдайларын ескере отырып жүргізіледі.

Қосымша ақпарат көздері