1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.
2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды, ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік рәміздерді ресми пайдаланудың сипаттамасы мен тәртібін белгілейді.
Мемлекеттік рәміздер күнінің басты идеясы – ел, халық арасында патриотизм рухын және барлық ұлттардың бірлігін нығайту, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау болып табылады.