«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды. Акцияны өткізудің негізгі көрсеткіші балаларды жаңа оқу жылына дайындау болып табылады. «Жақсылық жаса» – осындай ұранмен ағымдағы жылы Білім Министрлігінің әлеуметтік бағытталған бастамасы жүргізілуде.
Акция аз қамтылған, көп балалы және қолайсыз отбасылардағы балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Қайырымдылық мақсатында демеушілермен түрлі санаттағы балаларға көмек көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 64 Қаулысы шеңберінде оқу жылына дайындық кезеңінде ата-аналар растайтын құжаттарды ұсынған кезде киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін 43407 теңге мөлшерінде төлемдерді жүзеге асыру жоспарлануда. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызмет болып табылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 13-қосымша). «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ата-аналардың назарына жеткізілді. Бұл көмекті балалардың 5 санаты ала алады. Қызмет көрсету нысаны тек қағаз түрінде.
Мектептер құжаттар пакетін дайындайды және төлем жасау үшін білім бөліміне ұсынады.
Мектепте сабақ басталғанға дейін бір жарым ай қалды.
Біз барлық бей-жай қарамайтын адамдарды «Мектепке жол»қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз. Сіздің көмегіңіз қиын жағдайға тап болған балалар үшін жақсы жарық сәулесі болады, отбасында жаңа оқу жылына дайындық бойынша күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Акцияға қатыса алатындардың барлығына алғыс айтамыз!