Күзгі демалыс басталысымен балаларымызға жолдарда, су қоймаларының маңында, орманда, ойын алаңдарында, аулаларда қауіп төнуі мүмкін. Бос уақыттың болуы, балалардың білуге құмарлығы, ең бастысы үлкендер тарапынан дұрыс бақылаудың болмауы жазатайым оқиғаларға әкеп соғады.-Балалардың жолға шығуына жол бермеңіз. Балалардың жол ережесін сақтауын қатаң қадағалаңыз. Тағы да балаларға қауіпсіз және жаяу жүргіншілер өткелдерін көрсетіп, жол қозғалысы ережелерін еске түсіріңіз. Көлікпен саяхаттаған кезде әрқашан балалардың қауіпсіздік белдіктерін бекітіңіз.-Балалардың сіздің бақылауыңызсыз далада болуына жол бермеңіз. Кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз болуына жол бермеңіз.-Балалардың судың немесе өзендердің жанында болуына жол бермеңіз.-Балаларыңызға өрт қауіпсіздігі ережелері мен үйдегі қауіпсіздік ережелерін, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсіріңіз.Балаларыңызға жедел телефон нөмірлерінің қажетті тізімін, сіздің және жақын туыстарыңыздың телефон нөмірлерін беріңіз.Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – үлкендердің басты міндеті.Балаңызға қауіпсіз демалыс сыйлаңыз!!!
Subscribe
Login
0 Comments