Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде «Жаздық жолдама 2024» -қайырымдылық жобасы басталды. Қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған. Бұл қайырымдылық жоба Білім министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 5-8 сыныптардың 20 мың оқушысын жазғы демалыс лагеріне жіберуді жоспарлап отыр. С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебінде Дубровное ауылдық округінің әкімі П.Е.Титов пен мектеп басшысы М.А.Линниктің қатысуымен жазғы демалысқа сертификатты тапсыру салтанатты шарасы өтті.

@qazaqstanhalqyna

@oqu_agartu_ministrligi

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x