Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

8 наурыз-көктемнің келуін білдіретін мереке. Бұл күні бірде-бір әйел назардан тыс және сыйлықтарсыз қалмайды.

Балабақшадағы 8 наурыз – ең әсерлі, нәзік және таңғажайып мереке. Ол ең тәтті де нәзік, сүйікті де аяулы Аналар мен Әжелер үшін арналған. Бұл күні барлық әндер, өлеңдер, билер сұлу әйелдерге, яғни қыздарға, аналарға және әжелерге арналған.

Сонымен, біздің шағын орталықта Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік ертеңгілік өтті! Балалардың мерекеде өнер көрсетуі – аналардың балаларынан алатын ең жақсы сыйы. Балалар нәзік, мейірімді әдемі әндер шырқап, би билеп , ойын ойнады. Бәрі көңілді, қызықты, қуанышты болды. Мереке соңында шай кеші ұйымдастырылды.

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x